- Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт)
- Просмотр содержимого документа «Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт)»
- То? ыма мозаика техникасында тігін б? йымдарыны? дизайны? ра? пэчворк квилт 5 сынып саба? жоспар
- Тоқыма мозаика техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт және т.б.). Идеяларды ойластыру. Эски
- Материал туралы қысқаша түсінік
- Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша
- Дадешова Гулзада Талгатовна
- 07 Сәуір 2018
- Материалдың толық нұсқасы
- І. Дизайн туралы мағлұмат
- Дизайн – дизайн – disain. Ой – идея – idea. Құрақ құрау – лоскутное шитье – quilting. Түрлі түсті қиықтардан құралған көрпе – пэчворк — patchwork. Сырылған көрпе – квилт — quilt.
- Дизайн – ХІХ – ХХ ғ. пайда болған өнердің біршама жас саласы. Қазіргі уақытта «дизайн» сөзі қоршаған ортадағы бұйымдарға, жүйе мен эелементтеріне қатысты қолданылады. Орындық, компьютер, мектеп, мата өрнегі, киімдер жинақталымы, бутерброд және т.б. дизайны деп атап өтуге болады. Барлық жасалған бұйымдардың өз дизайны бар. Дизайнер – дизайн үлгісін жасайтын маман.
- Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегізжапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпенің арасына мақта және қойдың, түйенің жүнін салып немесе қазіргі кезде жасанды мақта синтепон салып, сырып тігеді.
- Құрақтың көркемдік мән-маңызы .
- Құрақтағы бояулар сыры.
- Қолөнердегі қазақ символы .
- Құрақтан жасалатын бұйымдар .
- То? ыма мозаика техникасында тігін б? йымдарыны? дизайны? ра? пэчворк квилт 5 сынып саба? жоспар
- Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны 5 сынып
- Материал туралы қысқаша түсінік
- көркем еңбек пәні мұғалімдеріне
- Адлетхан Есенгул
- 10 Сәуір 2019
- Материалдың толық нұсқасы
Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт)
Тақырыбы: «Тоқыма мозайка техникасымен » жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт)
пэчворк, квилт, құрақ техникалармен танысу
жұмыс міндеттерін бөліп беру
ою-өрнек шаблондар бойынша декоративтік мозаика техникасында сарамандық жұмыс жасау
Просмотр содержимого документа
«Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт)»
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім 3 А Дизайн және технология
Мұнайлы ауданы № 6 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Сисенгалиева К.К
Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт). Идеяны зерттеу. Эскиз. Материал таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
пэчворк, квилт, құрақ техникалармен танысу
жұмыс міндеттерін бөліп беру
ою – өрнек шаблондар бойынша декоративтік мозаика техникасында сарамандық жұмыс жасау
академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіреді (сөйлеу дағдылары) және сипаттайды;
өзінің іс-әрекетіне және дайын жұмыстарды орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, таныстыра алады;
Жаһандық азаматтығын арттыру
Түрлі өнер туындылырына сүйене отырып, эстетикалық көз қарасын білдіру арқылы дамыту, болашақты тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақтаны қолдану, Рaint бағдарламасымен жұмыс.
Практикалық тапсырмалар арқылы даралық, өзіндік қасиет қабылетін білдіру
Бейнелеу, өнер тарихы, сызу, технология
Еңбекке баулу (4-сынып)
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
-Керемет! (қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
-Ғажап! (қолдарын көтереді)
-Ендеше сабағымызды бастайық!
-О, о, о (бас бармағын көтереді)
Ою-өрнектермен оралған конфеттермен топқа бөлу
— Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау
-құрақ құрау үшін түстердің үйлесімділігін білетін боламыз;
-құрақ құрауға арналған ою-өрнек схемаларымен танысамыз;
-құрақ құрау алгоритм бойынша қағазды пайдалана отырып құрақ құрап үйреніміз.
Берілген суреттердегі құрақ құрау түрлерін сәйкестендіріңдер.
Жаңа сабақ түстік шеңбер және құрақ құрау арналған ою-өрнек схемаларымен таныстырумен басталады.
Құраққа қойылатын талаптар туралы оқушыларға мәліметтер беріледі.
— мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы;
-түстердің үйлесімді таңдалуы;
Рaint бағдарламасымен қолданып құрақ құрау схемаларын құрастырыңдар.
Оқушылармен бірге құрақ құрау жұмысының алгоритмімен танысу.
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Алдарымен қатырма қағаз түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түрлі түсті қағаздан түс таңдай отырып, қиямыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, қиып аламыз.
4. Қиылған қатырма қағазды өрнек бойынша рет-ретімен: — әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді қағазға орналастырамыз және желімдейміз.
Түрлі-түсті қағаздар көмегінде құрақ аппликациясын жасау.
Құрақ апплекациясын дайындайды
Құрақ түсінің үйлесімділігі;
Қималардың пішін мен көлем дұрыс есептелгендігі;
Бөлшектердің дұрыс орналастырылғандығы
Қорытындылау. «Тірек сөздер»мен жұмыс
Оқулықтағы «Дизайн және технология» бөлімі бойынша сөздік жұмыс.
То? ыма мозаика техникасында тігін б? йымдарыны? дизайны? ра? пэчворк квилт 5 сынып саба? жоспар
Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 7 күннен соң олимпиада аяқталады.
Тоқыма мозаика техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт және т.б.). Идеяларды ойластыру. Эски
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша
Дадешова Гулзада Талгатовна
07 Сәуір 2018
Материалдың толық нұсқасы
Мектеп: «Боранқұл орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты – жөні: Дадешова Гулзада Талгатовна
Тоқыма мозаика техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт және т.б.). Идеяларды ойластыру. Эскиз. Материалды таңдау және дайындау. Жұмысты орындаудың реті.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.5.1 Өзінің және өзгенің тәжірибесіне (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау.
5.1.4.1 Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау.
Барлығы: құрақ құрау технологиясымен танысады;
Көбі: құрақ түрлері мен технологияларын, идеялары мен түстерін ажырата біледі.
Кейбірі: тәжірибелік дағдыларын, өз бетінше жұмыс жасай білу жолдарын және шығармашылық қабілеттерін дамытады;
Дизайн – дизайн – disain. Ой – идея – idea. Құрақ құрау – лоскутное шитье – quilting. Түрлі түсті қиықтардан құралған көрпе – пэчворк — patchwork. Сырылған көрпе – квилт — quilt.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал — жабдықтар
Қайшылар, маталар, тігілген құрақ түрлері,интерактивті тақта, қобдиша, айна, қоржын, смайликтер, желімдер
Практикалық тапсырмалар арқылы даралық, өзіндік қасиет қабілетін білдіру
Бейнелеу өнері, тарих, сызу, технология
Дизайн, киім макеттеу (қағаз, тоқыма және басқа да материалдар).Костюм құрастыру (шағын сәнмүсінге немесе қуыршаққа)
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
І.Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
б) Топқа бөлу (мозайка құру арқылы) : 1-топ: дизайнерлер, 2-топ: шеберлер;
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
І. Дизайн туралы мағлұмат
Дизайн – дизайн – disain. Ой – идея – idea. Құрақ құрау – лоскутное шитье – quilting. Түрлі түсті қиықтардан құралған көрпе – пэчворк — patchwork. Сырылған көрпе – квилт — quilt.
Дизайн – ХІХ – ХХ ғ. пайда болған өнердің біршама жас саласы. Қазіргі уақытта «дизайн» сөзі қоршаған ортадағы бұйымдарға, жүйе мен эелементтеріне қатысты қолданылады. Орындық, компьютер, мектеп, мата өрнегі, киімдер жинақталымы, бутерброд және т.б. дизайны деп атап өтуге болады. Барлық жасалған бұйымдардың өз дизайны бар. Дизайнер – дизайн үлгісін жасайтын маман.
«Дизайн» ұғымының адам қызметінде бірнеше саласы бар:
Полиграфия дизайнері (макеттер, беттемелер жасау);
Фитодизайнер (үйлер және кеңселерді көріктендіру, қысқы бақтар жасау);
Ландшафт дизайнері (аумақты абаттандыру);
Интерьер дизайнері (пәтер мен кеңселерді көріктендіру, интерьердің сапалық деңгейі мен функционалдығын көтеру);
Веб дизайнер (банерлер, сайттар құру);
Киім дизайнері (өзекті сән үрдістерін жүзеге асыру);
Фуд – дизайнер ( әртүрлі мәзір мен аспаздық кітаптарға арналған тағамдардың әдемі суреттерін жасау) және т.б.
Тігін бұйымының дизайны – бұйым модельдеп, конструкциялау, ыңғайлы, үнемі әрі сәнді үйлесетін материалдарды таңдау.
Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегізжапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпенің арасына мақта және қойдың, түйенің жүнін салып немесе қазіргі кезде жасанды мақта синтепон салып, сырып тігеді.
Құрақтың көркемдік мән-маңызы .
Басты бұйымдары көрпе , тұскиіз , к еудеше , жастық , түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақтағы бояулар сыры.
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Үш негізгі түс бар: қызыл, сары, көк. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс — өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, құпия сырға толы екенін байқатады.
Қолөнердегі қазақ символы .
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді.
Құрақтан жасалатын бұйымдар .
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.
Құрақ – қазақстанның сәндік- қолданбалы өнерінің бірі. Мұнда түсі мен фактурасы әртүрлі мата қиындыларынан бірыңғай өрнек немесе бұйым құралады.
Квилт – құрақ құраудың америкалық техникасында матаның екі қиындысының арасына салынған ватин не мақта қабатымен бірге сырып тігіледі. Жайманың қос қабатын біріктіретін тігістер суретті ерекшелеп көрсетеді.
Пэчворк – матаның түрлі түсті қиықтарынан тұтас бұйым тігілетін қолөнер түрі. Классикалық құрақ өнері Англияда пайда болған деп саналады.
Құрақ құрауға арналған ою – өрнек схемалары: ботагөз, тұмарша, қайшы, құдық, диірмен, жұлдыз, сегізжапырақ.
То? ыма мозаика техникасында тігін б? йымдарыны? дизайны? ра? пэчворк квилт 5 сынып саба? жоспар
Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 7 күннен соң олимпиада аяқталады.
Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны 5 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
көркем еңбек пәні мұғалімдеріне
Адлетхан Есенгул
10 Сәуір 2019
Материалдың толық нұсқасы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3 А Бөлім Дизайн және технология
Мектеп:Нұр-Сұлтан қаласы « №25 орта мектеп» КММ
Оқытушының аты-жөні: АДЛЕТХАН ЕСЕНГУЛ
Қатысушылар саны: 10
Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
5.1.5.1 Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
5.1.4.1-Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау
Құрақ құрау техникасынмен орындалатын бұйымдарды зерттейді.
Құрақ бұйымын жасау үшін үлгілер дайындайды.
Түсі мен фактурасы әртүрлі құрақтармен тәжірибе жасай алады .
Құрақ құрау композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым тапсырмаларды орындай алады
Құрақ бұйымын жасау барысында қима үлгілерді қолданады
Қауіпсіздік ережелерін ескере отырып , құрақ құрайды
Диалог және хаттар үшін пайдалы фразалар топтамасы
Маған мына маталар белігілі …
Мен маталарды … осыдан дайындайды деп ойлаймын
Пәндік лексика және терминология
Дизайн – жобалап , дайындауды , яғни идеядан оны жүзеге асыруға дейінгі барлық әрекетті қамтитын үдіріс
Дизайнер – дизайн үлгісін жасайтын адам.
Құрақ – Қазақстанның сәндік– қолданбалы өнерінің түрі.
Квилт – құрақ құраудың америкалық техникасында орындалады
Қазақ халқының қолөнер кәсіпкерлерінің шығармашылығы арқылы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерін құрметтеу.
Өзінің және басқалардың жұмыстарына қатысты басқалардың пікірлерін тындай білу және дұрыс қабылдау.
Балаларды жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Эстетикалық қажеттілікті дамыту.
Бейнелеу өнері мен технология пәні бойынша теориялық білімдерді қолдану
INSERT, дарынды балалармен жұмыс, оқыту үшін және оқуды бағалау,ауызша және жазбаша кері байланыс
Оқушылар матаның түрлерімен таныс және жұмыс жасауға арналған материалдар мен құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға дағдыланған. Қол жұмыстары операцияларын орындай алады, өзін-өзі бақылау элементтерін қолданып олардың сапасын анықтайды. Өзінің шығармашылық жұмысын жасау бойынша тәжірибелік дағдылары мен көпшілікке өз жұмысын таныстыру тәжірибесіне сүйенеді.
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)
Психологиялық ахуал туғызу. Менің сүйікті ісім- … (Оқушылар сүйікті істерін айтып шығады)
Топқа бөлу: Құрал-саймандарға байланысты топқа бөлу.(үтік, машина суреттері теріс қаратылып тұрады, оқушылар бір-бірден алады, топ бөлінеді)
«Ой қозғау». «Сұрақ қою және талқылау»
(Мұғалім оқулыққа назар аударуды ұсынады).
1. Суреттерге қараңдар,нені байқадыңдар?
2. Оларды не біріктіреді?
3. Осы сабақта не орындауымыз керек?
Құрақ бұйымын жасау үшін үлгілер дайындайды.
Тігін құрал — саймандарымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік іс- шаралары бойынша ережелерді сақтайды.
Құралдар мен материалдар. Осы техникада бұйымдарды орындау үшін тігін машинасы үшін қандай құралдар керек.
— орташа өлшемдегі инелер; жіптерді кесу және үлгі пішу үшін қайшы; сантиметрлік таспа немесе сызғыш; шаблондарды орындау үшін қатырма қағаздар; әр түрлі түстегі мақта- мата жіптері; маталар, материалдар (синдепон, ватин, флизелин); тігіншілер боры; түйреуіштер; тігін машина; үтік; үтік тақтасы;
2. Жаңа тақырыпты меңгерту
Ақпараттық – технологияларды қолдану.
2. Топтық жұмыс. Қима үлгі дайындау (әр топ өз таңдаулары бойынша үлгі жасайды)
Тәжірибе «құрақ көрпе» құрастыру .
Оқушылардың практикалық жұмысы кезінде мұғалім нұсқау жүргізеді, сынып жағдайын бақылайды, жоспар бойынша орындайды.
Дайын болған топтамалардың бір- бірімен қосылу тәсілдерін дұрыс орындауын қадағалайды;
Тәжірибе жұмыстарын орындаған кезде мүмкін болатын қиыншылықтар туралы ескертеді.
Жұмыстың көлемі мен сапасын бақылайды.
Қауіпсіздік іс- шараларын сақтауды бақылайды;
Оқушы қиыншықтарған тап болғанда көмек көрсетеді.
Алдыңда болған кезеңдегідей, дәл сол тәсілмен сіз таңдаған нұсқауға сәйкес үшбұрыштар немесе басқа пішіндерден барлық жоспарланған құрақ құрастыру .
Жинаған құрақты үтіктеу керек.
Құрақ құрау композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым тапсырмаларды орындай алады
Құрақ бұйымын жасау барысында қима үлгілерді қолданады
Қауіпсіздік ережелерін ескере отырып , құрақ құрайды
Кесінділерді дайындап ( картоннан шаблон) киып алу
Қима үлгіні матаға түсіру
Тігін машинасымен тігу
Ылғалды жылумен өңдеу
Топтық әдісінің қолданудағы тиімді жақтары: оқушылар арасында ынтымақтастық, көшбасшылық, қарым-қатынас, тындай білу дағдылары қалыптасады, бірлесіп жұмыс жасау арқылы уақыт үнемдейді
1. Осы бұйымды жасағанда сендерді не қызықтырды ?
2. Құрақ түрлерін атаңдар, оларды сипаттаңдар?
3. Құрақ құрау үшін қандай материалдар қолданылады?
4. Қима үлгі не үшін керек?
Оқушылар өз жұмыстарын көрсетеді және бұйымдарды әрі қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныстар алады.
Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылайды.
Оқушылар «бағдаршам» тәсілі бойынша өздерін бағалайды.
1. Алған білімді іске асыруды әрі қарай жалғастыру, практикалық жұмысты орындау үшін керек материалды әкелу.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
Тақырып бойынша білімдерін дамыту және бекіту мақсатында құрақ құраудың түрлерімен мата түстерінің үйлесімі, бөлшектердің сәйкес келуі туралы суреттер, презентациялар, бейне материалдар көрсетіліп таныстырылым арқылы тақырыптар түсіндіріледі.
Көрсету, талқылау барысында оқушылардың басты назарын түстер үйлесіміне, пішімдердің бір — біріне сәйкестендіріп жасай білуге аударады.
Сұрақ- жауап, дерекөздер,
зерттеушілік жұмыстарды орындаумен практикалық жұмыс орындау нәтижесі арқылы бағаланады
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері .
♦ Инені киімге қыстыруға болмайды.
♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.
♦ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
♦ Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.
♦ Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.
♦ Қайшыны ашық тастама
Зерттеу жұмыстарын орындағанда математика, АКТ, тарих, пәндерімен пәнаралық байланыста жүргізіледі..
Практикалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауын, құрал-жабдықтарды ұқыпты қолдануларын қадағаланады
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Мен не істедім, әрі қарай нені жетілдіруге болады?
— тағы да не істеуіміз керек…?
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: Оқушылар қазақтың ұлттық қолөнері құрақ құрау туралы көптеген мәліметтер алды
2.Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар сабаққа белсенді қатысуы
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1 : Тақырыпты меңгеруде топтық жұмыс көп көмек берді.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?